Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әркімнің өз жолы, өз тағдыры бар»
05.12.2019

Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК «Әркімнің өз жолы, өз тағдыры бар» беделді кездесуі өтті.

Өзге шарадан өзгешелеу болған бұл кеш экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Ғылымдар академиясы жоғары мектебінің, Халықаралық ақпараттандыру және Халықаралық аграрлық білім беру академиясының академигі Сәбит Парызұлы Есмұратовтың 70 жылдығына арналды.

Ол – тұрғындардың таңданысын тудыратын және өмірі өзгеге ұқсамайтын тұлға. Ақылды, зиялы, сүйкімді және қарапайым адам. Алайда мұның артында жұмыс істеуге зор қабілеттілік, жетістікке және алдына қойған мақсаттарына жетуге деген тілек тұр. Осыдан жиырма жыл бұрын өзіне дейін ешкімнің батылы бармаған істі облыста бірінші болып қолына алған бұл қандай адам? М. Дулатов ат. ҚИЭУ – оның басты және сүйікті жұмысы. ЖОО қазіргі кездегі жағдайы қандай, білім беру кеңістігінде қандай орын алады? Бұл сұрақтардың барлығына студент жастар ҚИЭУ президенті, профессор Есмұратов Сәбит Парызұлынан жан-жақты жауап алды.

Беделді кездесу ғалым әріптестерінің, қоғам өкілдерінің сөздерінің, «Профессор Исмуратов» кітабының тұсаукесерінің, кітап көрмесінің, бейнекөрсетілімдердің арқасында ашық-жарқын және қызу өтті.

Кітапхананың сыйлыққа алған ең бағалы тартуы «Профессор Исмуратов» кітабы болды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus