Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Сыйға берілген кітаптар
03.12.2019

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК ұзақ жылғы жұмысында көптеген жақсы дәстүрлер қалыптасты. Солардың бірі оқырмандардың кітапханаға кітап сыйлау дәстүрі болып табылады.

Сәнтемірова ГүлӘмір кітапханамызға 100 астам көпшілікке танымал жаңа кітапты тарту етті.  Бұл сыйлық оның әкесі, Қостанай облысы Сарыкөл ауданының тумасы Ерден Жалмұхамбетұлы Сәнтеміровтың туғанына 100 жыл толуына арналды. Сыйға тартылған кітаптар коллекциясына қазақ әдебиеті классиктерінің кітаптары, сондай-ақ қазіргі кездегі танымал авторлардың шығармалары енді. Көркем әдебиеттермен қатар психология саласындағы сұранысқа ие сирек басылымдар да болды. ГүлӘмір Ерденқызының сыйға тартатын кітаптарын мұқият таңдағанын да айта кету керек. Ең алдымен кітапханамыздың оқырмандық сұранысы мұқият зерттелді, оқырмандарымыздың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кімдердің кітаптарын сатып алу керектігі, атаулары мен авторлары анықталды. Сондықтан да біз бұл коллекция ұзақ жылдар бойы үлкен сұраныспен пайдаланылатын болады деп сенеміз.

ГүлӘмір Ерденқызына шын көңілден сыйға тартқан мол сыйлығы үшін алғыс айтамыз және бар жақсылықты тілейміз!

9 желтоқсаннан бастап барлық оқырмандарды Абонементтер бөліміндегі сыйға тартылған кітаптармен танысуға шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus