20 қарашада «Қостанай облысының
әдебиетшілері» пәні аясында Челябі мемлекеттік университетінде Өлкетану
әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының кітапханашылары Алексей
Олексюкпен және Татьяна Тихомировамен кездесу болды.
Алексей Олексюк – көп жылдық
тәжірибесі бар ақын және жазушы, көптеген қалалық және облыстық әдеби
байқаулардың лауреаты және жеңімпазы, «Prata martis» әдеби студиясының
жетекшісі. Алексей жастармен өзінің шығармашылық жұмысымен бөлісіп, өзінің
жерлестері мен достарының – Қостанайға белгілі ақындар Владимир Лоскутников пен
Сергей Шевченконың өлеңдерін оқыды.
Татьяна Тихомирова – ақын, ол
да көптеген түрлі әдеби байқаулардың жеңімпазы, жастардың «Крылья» әдеби
студиясының жетекшісі. Татьяна студенттерге студия жұмысының ерекшеліктері
туралы, әдеби отырыстар жайында, шығармашылық жұмысы және алдағы жоспарлары
туралы айтып берді және өзінің өлеңдерін оқыды.
Студенттер көптеген түрлі сұрақтар қойып, қазіргі
кездегі авторлардың әдеби бағыттарын талқылады, шығармашылықтың пайдасы туралы
ой бөлісті. Әңгіме қызу, жылы және достық ахуалда өтті. Мұндай кездесулердің
дәстүрге айналғаны көңілге қуаныш ұялатады. |