Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Кітапханалық идеялар фестивалі
30.10.2019

2019 жылдың 29 қазанында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК «Кітапханалық идеялар фестивалі» семинарын өткізді. Кітапханашылар өздерінің жаңа идеяларын, жетістіктерін ортаға салып, болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.

 Қостанай аудандық ОКЖ кітапханашылары әріптестеріне бірден үш жобаны ұсынды. Майкөл ауылдық кітапханасының заманауи орталығының кітапханашысы Елена Андреевна Рооде мен Московская ауылдық кітапханасының кітапханашысы Людмила Георгиевна Бабий өздерінің бірлескен «Туған өңіріңді сүй және біл» өлкетану жобалары туралы әңгімелеп берді.

 Владимиров ауылдық кітапханасының жобасы жерлесіміз, ақын Нұржан Наушабаевтың шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған. Жоба дәл осылай аталады: «Нұржан Наушабаевың мұрасы». Оны  Владимиров ауылдық кітапханасының кітапханашысы Доценко Роза Жұматқызы таныстырды.

Семинарға қатысушылар Қостанай аудандық орталық кітапханасының ұжымы дайындаған «Латын қарпіне қолдау көрсет» акциясының бейнекүнделігімен танысты.

            Науырзым ОКЖ директоры  Тасқымбаева Бейнегүл Төлетайқызының «Кітапхананың жемісті жұмысы үшін қажетті үздік идеялар» баяндамасы аудандық орталық кітапхана жанынан өлкетану мұражайын жасауға арналды. 

Қарабалық ОКЖ әдіскері Людмила Ивановна Прилипченко жергілікті жазушылардың, ақындар мен қоғам қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы жайында ақпараттар жиналған «Қарабалық жерінің маржандары» әлманахының шығарылғаны туралы айтып берді.

Кітап оқитын жастардың шығармашылыққа қалай тартылып жатқаны туралы Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашысы Италмасов Айтжан Құрымғалиұлы айтып берді.

Облыстың басты кітапханасының қонақжайы көп жылдан бері жаңа таланттарды дүниеге әкелетін, олардың шығармашылық шабытын шыңдайтын және олардың шығармашылығын алғашқы болып ұнатқандармен кездесу өткізетін жер болып табылады. Бұл жұмыстың қандай нысанда өтіп жатқаны жайлы Өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашысы Татьяна Сергеевна Тихомирова айтып берді.

 Қостанай қалалық ОКЖ директорының орынбасары Елена Викторовна Шибаева қала кітапханаларындағы жұмыстың жаңа түрлерімен бөлісті. 

Семинар библиография бойынша үздік жарнамалық құралға арналған «Жарнама – жетістікке жол» облыстық байқауының қорытындысын шығарумен аяқталды. 

Оған 11 ОКЖ қатысты. Семинарда байқаудың жеңімпаздары естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus