Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ерлік пен махаббат» Әбдіжәміл Нұрпейісовқа 95 жыл
22.10.2019

2019 жылдың 20.10. кітапханада қазақтың атақты жазушысы, аудармашы, прозашы, Ұлы Отан соғысына қатысушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Ерлік пен махаббат» атты оқырман конференциясы өтті. Шараны ақындар – жастардың «Ақ қауырсын» әдеби клубының мүшелері Б. Аңқауов пен Д. Ихсан жүргізді. Шара барысында Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 1974 жылы КСРО-ның мемлекеттік сыйлығын иеленген «Қан мен тер» трилогиясы талқыланды. Шығармада Арал теңізінің жағасында тұратын балықшылардың ауыр өмірі мен Қазақстанда 1918-1920 жылдары орын алған оқиғалар сөз болады. Шараға «Қан мен тер» фильміне түскен Көжекеев Өтеген Мырзатайұлы қатысты. Автордың кітаптары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Тыңдаушылар Әбдіжәміл Нұрпейісовтың өмірімен және шығармашылығымен танысты. Бейнефильмдер мен таныстырылымдар көрсетілді, кітап көрмесі безендірілді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus