Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«“Ұлы даланың жеті қыры”: қазақстандық қоғамның рухани дамуындағы кітапханалардың рөлі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
10.10.2019

9 қазанда Орыс драма театрында «“Ұлы даланың жеті қыры”: қазақстандық қоғамның рухани дамуындағы кітапханалардың рөлі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық отырысы өтті. Жиынды Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы жүргізді. Қалмақов Ерлан Болатұлы қонақтар мен қатысушыларға ризашылығын білдірді: драма театрының үлкен залы келушілерге лық толды.  «Л.Н.Толстой ат. ҚОӘҒК» КММ директоры Дүйсебаева Дариға Төребайқызы өзінің «Қостанай облысындағы кітапхана ісінің құрылу тарихы және қазіргі кездегі жағдайы» баяндамасында Қостанай облысында кітапханалардың пайда болу тарихына шолу жасады. Сондай-ақ өңір кітапханаларының қазіргі кездегі жағдайы туралы айтып берді. 

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ.Оспанова Қазақстан кітапханаларының жұмыстарына шолу  ұсынды.  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының менеджмент және маркетинг қызметінің басшысы  Е.Р.Салықова менС.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Ш.Б.Шахметова конференцияға қатысушыларды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға арналған жобалармен таныстырды.

Конференцияның құрметті қонағы – белгілі ғалым, журналист, тарихшы С.Қ.Қозыбаев өз баяндамасында кітапханалардың қоғам өміріндегі рөліне жоғары баға берді.

           Пленарлық отырыс облыстың үздік кітапханашыларын облыс әкімінің құрмет грамоталарымен, ҚР Ұлттық кітапханасының төсбеліглерімен,  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының алғыс хаттарымен марапаттау рәсімімен аяқталды.

           Жұмыс күнінің екінші жартысында кітапхана жұмыстарының төрт бағыты: «Мәдени мұраны сақтау және цифрландыру – кітапхана жұмысының негізгі бағыттары», «Кітапханалардың әлеуметтік-мәдени жобалары. Кітапханалардың өлкетану саласындағы жобалық жұмыстары», «Өңірлік кітапханаларды жетілдіру негізінде жастардың жаңа нысандағы білім орталықтарын құру», «Кітапхана – тартылыс аумағы» бойынша секциялық жұмыстар өтті.

            Конференцияның бірінші жұмыс күні Алматыдан келген құрметті қонақ – тарих ғылымдарының докторы, Қазақстанның тұңғыш Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының алты дүркін лауреаты, Қазақстан Журналистер академиясының президенті, Әл-Фараби ат. Қазақ ҰУ журналистика факультетінің профессоры Сағымбай Қабашұлы Қозыбаевтың шығармашылық кешімен аяқталды. 

 

Шығармашылық кеште құттықтау сөз сөйлеген Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Қалмақов Ерлан Болатұлы атақты жерлесінің атына көптеген игі лебізін жеткізді. Кеш Сағымбай Қабашұлының өзінің шығармашылық жолының басталуы және дамуы туралы, әдебиет пен журналистика саласындағы жетістіктері туралы, өмірінде орын алған қызықты сәттер жайындағы тартымды әңгімесімен жалғасты. Сағымбай Қабашұлы сондай-ақ тарихи, қоғамдық және кәсіби журналистика тақырыптарына жазылған бірнеше эссесін оқып берді. Кезінде оның шәкірті болып, тәлім алған «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков пен «Костанайские новости» газетінің бұрынғы бас редакторы Сергей Харченко, режиссер-деректеуші, журналист Бекмұхамбетқызы Гүлжібек Баекенқызы тәлімгерлеріне алғыстары мен ризашылықтарын білдірді. Ішінде студенттер, кәсіби журналистер болған кездесу жиналған жұрттың шынайы қызығушылығын тудырды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus