Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тапқаныңның барлығы тәңірінің тартуы»
03.10.2019

Сирек кітаптар қоры неміс әдебиетінің аса көрнекті классигі, философ Иоганн Кристоф Фридрих Шиллердің 260 жылдығына арналған «Тапқаныңның барлығы тәңірінің тартуы» атты көрме ұйымдастырды. Драматург, ақын, өнер теорияшысы, философ және тарихшы Фридрих Шиллер әлемдік әдебиеттің тарихына неміс ағартушылық қозғалысының жарқын өкілдерінің бірі ретінде енді. Озбырлықтың кез келген түріне және адамның біреудің езгісіне ұшырауына қарсы қызу күрес жүргізген Шиллерді философ Гегель «немістің данышпаны» деп атаса, орыс ағартушысы В. Белинский оны «адамзаттың мейірімді арашашысы» деп атады.

Көрмеге Шиллердің 12 томдық шығармалар жинағының 1847 жылы шыққан 5 т., Шиллердің еңбектері, 5 т., Г. Курцтың редакциясымен 1801 жылы шыққан «История отпадения соединенных Нидерландов от испанского владычества», Шиллердің еңбектері, 6 т., Л.Беллерманның редакциясымен 1858 жылы шыққан «Преступник из-за потерянной чести» секілді сирек кездесетін раритетті басылымдар қойылған. Бұл кітаптар неміс тілінде шығарылған. Бұлардан басқа көрмеге Фридрих Шиллердің өмірі мен шығармашылығы жайындағы орыс және қазақ тіліндегі газеттерден алынған тамаша ақпараттар, журналдар, түрлі басылымдар, жазушының замандастарының ол туралы айтқан естеліктері қойылған.

Барлық немістің классикалық әдебиетін ұнатушылар мен құрметтеушілерді екінші қабаттың фойесінде орналасқан көрмемен танысуға шақырамыз.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus