Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қазақтың қос бәйтерегі
24.09.2019

23 қыркүйекте Әмбебап оқу залы А. Байтұрсынов ат. ҚМУ бірлесе отырып «Қазақтың қос бәйтерегі» әдеби кешін өткізді. 2019 жылы жалпы халықтық оқу үшін Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділда Тәжібаевтің лирикалық шығармалары таңдап алынды. Кездесуге Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын С.Оспанов, филология ғылымдарының кандидаты Қ. М. Мырзағалиева, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ жас маманы О. Е. Пішенбай шақырылды. Қонақтар 2019 жылдың басты шығармалары мен оқырман алдында ағынан жарылатын олардың авторлары туралы айтып берді. Шара барысында екі автордың өмірі мен шығармашылық жолдарына арналған бейнесюжеттер, сондай-ақ «Аңыздың ақыры» романының бейнешолуы көрсетілді, Әбділда Тәжібаевтің өлеңдері оқылды. Жас талант Н. Қуандықовтың орындауындағы музыкалық нөмірлер әдеби кештің сәнін келтіре түсті.

Аталған әдеби кешке арналған «Қазақтың қос бәйтерегі» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Екі автордың шығармалары және олардың өмірі мен шығармашылықтары жайындағы тамаша басылымдар қойылған «Әбділда Тәжібаев: қазақ поэзиясының пырағы» және «Әбіш Кекілбаев: өмір мен аңыз» бөлімдері көрменің көңіл аударатын негізгі бөлігі болды.

«Бір ел – бір кітап» акциясына белсенді қатысуға және 2019 жылдың басты шығармасын оқып шығуға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus