Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Конституция – елдің негізгі заңы
26.08.2019

Әмбебап оқу залында 20 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституция – елдің негізгі заңы» кітап көрмесі жұмыс істеп тұр.

 Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің дамуы мен гүлденуінің кепілі. Елдің негізгі заңына 1995 жылдың 30 тамызында қол қойылған.  

Көрмеге қазақ мемлекетінің құрылуы жайындағы материалдар, Қазақстанның тарихы мен конституциялық құқықтың дамуы бойынша анықтамалық басылымдар, конституциялық заңдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында Конституцияның құрылуы жайындағы қазақстандық ғалымдардың еңбектері қойылған.  

Көрмеге қойылған әдебиеттердің ішінен Сұлтан Сартаев пен Ләззат Назарқұлованың «Становление Конституции Республики Казахстан» кітабын ерекше атап өтуге болады. Кітапта құқықтық мемлекет құру жолындағы әлем елдерінің ізденістері мен Қазақстан Республикасының Конституциясының тұжырымдамалық бағыттары қарастырылған.   К.Айтхожинның «Верховное право государства» мақаласы да қазақстандық конституциялық құрылымның дамуы мен қалыптасуын көрсетеді.                                         

Барлық тілек білдірушілерді көрмені тамашалауға шақырамыз!
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus