Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ағылшын тілін игер»
04.07.2019

Құрметті оқырмандар!

Екінші жартыжылдық бойы Әмбебап оқу залында «Ағылшын тілін игер» көрме-танысуы жұмыс істейді.

Қазақстанда барлық елдердегі секілді басты мәдениетаралық қарым-қатынас тілдерінің бірі болып табылатын ағылшын тілінің қолданыс аясы артып келеді.

Қазіргі кезде ағылшын тілін игеруге мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп отыр.

Ағылшын тілі біраздан бері ғаламдық экономикаға жемісті енудің алғышартына айналды және еліміздің мемлекеттік саясатының басымдылық берілетін бағыттарының бірі ретінде қарастырыла бастады.

Ұсынылып отырылған көрмеге тілді үйретуге және практикалық тұрғыдан қолдану дағдыларын игертуге бағытталған әдебиеттер қойылған.

Алуан түрлі курстардың негізіне жеделдете оқыту әдістемесінің ұстанымдары алынған.

Тілді практикалық тұрғыдан тиімді игеру О. А. Кутуминнің «Английский язык за три месяца» (книга-тренажер), С. А. Матвеевтің «Быстрый английский. Самоучитель для тех, кто не знает ничего», В. А. Миловидовтың «Элементарный английский» және т. б. оқулықтарымен қамтамасыз етіледі.

Мұндай жедел курстар тілді үйренуді енді бастап жүргендер үшін де, күнделікті қарым-қатынаста пайдалану, жеңіл мәтіндерді оқу, жазбаша және ауызша өз ойын білдіру үшін оны тереңдете игергісі келетіндер үшін де пайдалды.

Тілді өз бетінше игеру ағылшын тілін ғана емес, сондай-ақ кез келген басқа тілді үйренудің ең қиын әдісі болып табылады. Бұл істің тиімді болуына үш нәрсе ықпал етеді: тырысу, зор ынта және оқу материалдары.

Сіздерді көрмемен танысуға және өз беттеріңізше ағылшын тілін игерудің дағдыларын жетілдіруге шақырамыз!
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus