Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Дала фольклорына мың жыл»
25.06.2019

2019 ж. 24.06. бастап Абонементтер бөлімінде қазақ халқының халық ауыз әдебиеті шығармашылығына арналған кітап көрмесі жұмыс істейді.

Қазақ фольклоры – орасан зор рухани мұра, көптеген ұрпақтардың қатысуымен жасалған қазақ халқының ұлттық мәдениетінің бір бөлігі, онда бабаларымыздың кемеңгерлігі, наным-сенімі, салт-дәстүрі сақталған. Оның ішінде аңыздар мен ертегілер, әндер мен жырлар, мақалдар мен мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, дастандар мен айтыстар бар. Оның маңызды бір бөлігі халықтың тұрмысынан толық хабар беретін табиғат құбылысына, салт жораларға, шаруашылыққа арналған өлеңдер болып табылады.

Көрмеге «Қазақ жерінің 100 аңызы», «Қазақ мақал-мәтелдері - Казахские пословицы и поговорки», «Балалар фольклоры», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Қазақ фольклорындағы антикалық сарындар», «Поэзия жырау и акынов» сияқты және т. б. басылымдар қойылған.

Барлық тілек білдірушілерді кітап көрмесін көруге шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus