Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жас суретшілердің «Үш ұрпақтың көзқарасы» көрмесінің жұмыстары
17.05.2019

16 мамырда жас суретшілердің «Үш ұрпақтың көзқарасы» атты  көрмесінің салтанатты ашылуы болды. Көрменің тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ, көрмеге қойылған жұмыстардан оқытушы мен шәкірт желісі бойынша ұрпақтар байланысы анық байқалады.

Мейрамгүл Ордашева – Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің өнер кафедрасының аға оқытушысы, Инабат Салқымбаева – Мейрамгүлдің шәкірті, қазіргі кезде алған білімдерін Денисов ауданы Қырым орта мектебінде өз оқушыларына беріп жүр. Оның оқушылары облыстық, республикалық сурет байқауларына белсенді қатысады, мектептегі зияткерлік олимпиадаларда жүлделі орындар иеленіп жүреді. Ән айтқанды және би билегенді ұнатады.

Көрмеге қатысушыларды құттықтау және ізгі тілектерін білдіру үшін қостанайлық танымал суретшілер Николай Торшин, Олег Кусков, БСМ директоры Т. Кузьменкова, сурет галереясының меңгерушісі С. Н. Калинова келді

Бұл көрме өз шығармашылықтарымен бөлісуді асыға күткен және өнердегі жаңа биіктерді бағындыруға дайын оқушылар мен оқытушылар үшін көптен күткен елеулі оқиға болды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus