Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Басылымы батыл баспасөз ардагері»
26.04.2019

25 сәуірде өлкетану әдебиеттері бөлімі белгілі журналист, жазушы-сықақшы, ҚР мәдениет қайраткері Дамир Әбіштің 75 жылдығына арналған «Басылымы батыл баспасөз ардагері» атты шығармашылық кеш өткізді.

Сықақ жанрының шебері, 2013 жылғы «Қазына» сыйлығының иегерімен болған кездесуге қаламдас әріптестері келді. Олардың ішінде ҰОС қатысушы, журналист, суырып салма ақын, Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» Қасымхан Алдабергенов, белгілі педагог-тәлімгер Көпеш Беген Қаженұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Жұмағали Арғынбаев пен Ермекбай Хасенов, жазушы-сықақшы Күләш Байдалина болды.

Құрметті қонақ өзінің естеліктерімен бөлісті, ал шақырылғандар мерейтой иесінің атына көптеген ізгі лебіздерін жеткізді. Жазушы-сықақшы Жұмағали Арғынбаев құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде салтанат иесінің иығына шапан жапты.

Қонақтар мен оқырмандардың назарына мерейгерге арналған көрме ұсынылды. Көрмеге автордың еңбектері, замандастарының ол жайындағы естеліктері қойылды. Кездесу соңында автор кітапханаға өзінің кітаптарын тарту етті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus