Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жастар. Уақыт. Кітапхана
23.04.2019

2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. Кітапхана жастармен дәстүрлі жұмыстар жүргізіп келеді, себебі туған тілді, салт-дәстүр мен мәдениетті игеру, барлық тұрмыс салтын қалыптастыру солардан басталады. Сол себепті Абонементтер бөлімі арнайы шара – «Жастар. Уақыт. Кітапхана» дөңгелек үстелін өткізді.

Дөңгелек үстелге қатысқан доцент, шетел филологиясы кафедрасының профессоры, ғылым кандидаты Самамбет Мәнсия Қалмағамбетқызы, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Чайпарова Алтынай, Жұмабеков Әмин, Синицина София «Жастар қандай әдебиетті қалайды?», «Қазіргі кездің жастарының кітап оқуына қандай факторлар ықпал етеді?», «Кітапханалардың болашағы бар ма?» деген сұрақтарға жауап іздеді.

Жақсы кітап интернеттен алатын ақпараттан гөрі көп пайда әкеледі. Мәнсия Қалмағамбетқызы сәнге айналған авторлар мен қазіргі кездегі жаңа әдебиеттер туралы пікірін ортаға салды. Назарбаев зияткерлік мектебінің спикерлері «READx» атты қызықты кітап жобасын көрсетті – бұл кітап туралы пікір алмасатын алаң, бұл жерде балалар жаңа идеяларымен, білімдерімен бөліседі. Чайпарова Алтынай М. Симашконың «Емшан» кітабын, Жұмабеков Әмин Б. Пастернактың «Доктор Живаго» кітабын, Синицина София Р. Бахтың «Чайка по имени Джонатан Левингстон» кітабын таныстырды. Аталған кітаптардың таныстырылымы аудиторияның қызығушылығын тудырды және аталған кітапты оқып шығуға деген ниетін оятты.

Сондай-ақ жастар тарапынан жоғары сұранысқа ие кітаптар қойылған кітап көрмесі қонақтардың қызығушылығын тудырды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus