Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ой отауда оңаша»
28.03.2019

27 наурызда Л. Н.Толстой ат. ОӘҒК жиналыс залында белгілі қостанайлық ақын және журналист, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Нағашыбай Мұқатовтың туғанына 70 жыл толуына арналған бенефис кеш өтті. Шара көптеген жұрттың назарын аударды. Шараға шақырылған қонақтардың ішінде ақын, жазушы, драматург А. Шаяхмет, жазушы, журналист, ҚР Жазушылар одағының Қостанайдағы бөлімінің төрағасы Ғ. Ахметчин, ақын, жазушы Ж. Баязид, журналист С. Шайман болды.

Сөз сөйлегендердің әрқайсысы мерейтой иесіне жүрекжарды игі тілектерін білдіріп, әріптестеріне денсаулық, ұзақ өмір және жаңа шығармашылық жетістіктер тіледі. Жас айтыскер ақын Қыдырбек Қиысқан Н. Мұқатовтың сөзіне жазылған әнді орындаса, «Ақ қауырсын» жастар әдеби клубының қатысушылары жерлесіміздің жырларын оқыды.

Н. Мұқатов өзі туралы, өзінің шығармашылығы туралы беріле отырып әңгімеледі. Әсіресе ақынның өлеңдерін өзінің оқуы мен әндерін өзінің орындауы қатысушылардың есінде ерекше сақталып қалды: автордың орындауындағы таныс жолдар әдеттегіден жаңаша қабылданды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus