Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ғалам таныған ғалым
14.03.2019

13 наурызда Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК қазақтың атақты геологы, академигі, қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтің туғанына 120 жыл толуына арналған «Ғалам таныған ғалым» арнау кеші өтті.

Жер жүзінде маңдайына бірінші болу жазылған жандар жетерлік. Қазақстандық ғылым үшін мұндай адам өзінен кейін ешқашан өшпейтін із қалдырған, шын мәнінде ғаламдық деңгейдегі тұлға – Қаныш Сәтпаев болды.

Шараға Қостанайдың ғылым саласының өкілдері қатысты.

ЧелМУ ҚФ әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының доценті Александр Валерьянович Видершпан жиналғандарға Қ. Сәтпаевтің өмірі мен қызметінен қызықты деректер келтіріп, оның ғылыми жаңалықтарының маңыздылығын атап өтті. Фарабитанушы, дәрігер Гүлсім Едіресқызы Садақбаева Қаныш Сәтпаевтің Әл-Фарабидің ғылыми мұрасын зерттеудің бастамашысы болғаны туралы әңгімеледі. Халықаралық минералды ресурстар академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның құрметті кен барлаушысы, Қазақстан Республикасының алғашқы кен орнын ашушы Михайл Бекқожаұлы Едігеновтың әңгімесі де қызықты болды. Оның ата-анасы Қаныш Сәтпаевтің қызымен курстас болған, ал өзі атақты ғалымның немересімен жақсы таныс. Михаил Беккужинович Қаныш Сәтпаевтің отбасы жайындағы естеліктерімен бөлісіп, ғалымның Қазақстанның қазіргі кездегі ғылымындағы ізбасарлары туралы айтып берді.

Қаныш Сәтпаев туралы замандастарының естеліктері мен оның бағасын жоймаған еңбектері қойылған кітап көрмесі қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus