Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Нұр құшып Наурыз – келді өлкемізге!
11.03.2019

Көктем келісімен қыс бойы ұйықтап жатқан табиғат ояна бастайды. Күн ұзарып, күннің жарығы мен жылуы молая түседі. Наурыз мейрамы – салт-дәстүрі ерте дәуірлерден бастау алатын жаңарудың белгісі. Ол жаңа жылдың, жаңа өмір мен жаңа үміттің басталғанын білдіреді.  Наурызды жақсы қарсы алған отбасы жыл бойы аман-есен және берекелі болады деген сенім қалыптасқан. Осыдан барып көптеген мерекелік әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлер пайда болған. Қазақ түсінігінде Наурызды мерекелеу батаның көптігімен – тілек айтумен, сәттілік тілеумен және жақсылық жасаумен байланысты.  Ақын Зинаида Чумакова тілек айтудың тылсым күші жайында жазады – «Ак бата – сиянье слов». Белгілі қазақ этнографы Сейіт Кенжеахметұлы «Жеті қазына» кітабында Наурызға жан-жақты түсініктеме беріп, оны «Ұлыстың ұлы күні» - халықтың ұлы мерекесі, айрықша мәнді күн деп мейлінше дәл атау береді.   Ең жақсы дүниелер қонақтар үшін! Шын көңілмен қарсы аламыз, адамды қайта айналып келгісі келетіндей етіп шығарып саламыз.  

Әмбебап оқу залында «Нұр құшып Наурыз – келді өлкемізге!» көрмесі безендірілді. Көрмеден сіздер мерекелік құттықтаулар мен тілектерді, осы бір жарқын мерекеге арналған әндерді, өлеңдер мен сценарийлерді таба аласыздар, қазақ халқының салтымен және дәстүрімен таныса аласыздар.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus