Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
#8наурыз
04.03.2019

Александра ИльиничнаСуслова 1952 жылдың 3 қазанында Ленинград облысының Волхов қ. туған, педагог, жазушы.1955 ж. тыңға келген ата-анасымен бірге Қазақстанға келеді. Осылайша Қостанай облысы оның екінші отанына айналады.

1975 жылы Қостанай педагогикалық институтының тарих-филология факультетінің тарих және педагогика бөлімін бітіреді.

Александра Ильинична Суслова – 40 жылдық еңбек өтілі бар педагог, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы педагогика ғылымдары академиясының құрметті мүшесі, «Урок XXI века» облыстық байқауының жеңімпазы. Александра Ильинична өзінің педагогикалық жұмысының көп бөлігін болашақ педагогтармен жұмыстарға арнады. Ол көп жылдар бойы Қостанай педагогикалық колледжінде философия, мәдениеттану, дінтану негіздерінен сабақ берді, Жалпы пәндер кафедрасының меңгерушісі, Біліктілікті арттыру орталығының басшысы болды. Оның оқушылары Александра Ильиничнаның үнемі қызықты, мазмұны бай сабақтарын ризашылықпен еске алады. Ол шәкірттері үшін өз ісіне шын берілген педагогтың үлгісі болды.

Александра Ильинична Суслова қоғамдық жұмыстарға көп уақыт бөледі. Ол Қостанай облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Қазақстан аналар кеңесінің мүшесі. 1998 және 2010 жж. аралығында Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығында болды, жеті жыл бойы саясат сахнасына шыққысы келген әйелдер үшін «Школа демократического лидерства» оқуын жүргізді. 2007 жылдан бастап Қостанай облысының ішкі саясаты мен Қазақстан халқы ассамблеясының жобаларында төзімділік мәселелері бойынша тренингтер, дәрістер өткізеді. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевпен болған үш кездесу оның өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Александра Ильинична Қазақстан аналар кеңесі мүшелерінің 1-ші жиынына (Астана, 2014 ж.), Қазақстан халқының жиынына (Астана, 2014 ж.), Қазақстан халқы ассамблеясының XXII мерейтойлық сессиясына (Астана, 2015 ж.), ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім мүшелерінің жиынына (Астана, 2017 ж.) қатысты. Ол  сондай-ақ 30 астам ғылыми-практикалық конференцияларға, соның ішінде 5 халықаралық, 9 республикалық, 4 өңірлік, 10 облыстық және т. б. қатысты, 50 жуық мақала жариялады. Оқу-әдістемелік құралдың авторы болып табылады.

Алайда Александра Ильинична ақын және жазушы ретінде көбірек танылды. Қазіргі кезде ол алты кітаптың: «Прикосновение», «Рябиновый привкус», «Давай дружить», «С кем поведёшься», «Тёплые сказки», «Солнце на ресничках» авторы болып табылады.

Оның өлеңдері мен әңгімелері Қазақстанның, Ресей мен Германияның әлманахтары мен мерзімді басылымдарында жарияланды. Ол көптеген облыстық, республикалық және халықаралық әдеби байқаулардың лауреаты, халықаралық поэзия фестивальдарына қатысушы:

-         облыстық прозашылар байқауының жеңімпазы (2004 ж.);

-         республикалық поэзия байқауының жеңімпазы (2004 ж.);

-         Германиядағы балаларға арналған халықаралық өлеңдер байқауының дипломанты (Дюссельдорф,2009 ж.);

-         «Зов Нимфея» халықаралық байқауының алты аталымының лауреаты  (Керчь қ., 2010-2011 жж.);

-         халықаралық Некрасов байқауының дипломанты (Мәскеу, 2011ж.);

-         Ресей Жазушылар одағы өткізетін Нижегород облысы Кстово қ. «Русский смех» халықаралық сықақ байқауына қатысушы (2013, 2014, 2015, 2016, 2018 жж.);

-         аталған байқаудың күміс жүлдегері (2015 ж.);

-         Ресей, Белорус, Балтық елдері Жазушылар одағының «Ковдория» халықаралық әдеби байқауының «Стихотворения для детей», «Сказки для детей» аталымдары бойынша күміс жүлдегері (2015, 2016 жж.);

-         «Зов Нимфея» халықаралық поэзия фестивалінің Гомеров сыйлығының лауреаты (Гран-при) (Керчь қ., 2016 ж.);

-         «Мгинские мосты без границ» халықаралық фестиваль-байқауының лауреаты (Петербор,2017 ж.);

-         Есенжол Домбай атындағы республикалық «Алтын қалам» байқауының «Сатира» аталымы бойынша жеңімпазы (2017 ж.).

2017 ж. Александра Ильинична Суслова «Әдебиет» аталымы бойынша Қостанай облысы меценаттар клубының «Қазына» сыйлығымен марапатталды.

Александра Ильиничнаның шығармалары оқырмандарын шынайылығымен, жанының ашықтығымен, кемеңгерлігімен, рухани күшімен, философиялық ойының тереңдігімен баурап алады. Оның шығармаларын үлкендер де, балалар да қызыға оқиды. Александра Ильиничнаның өлеңдері мен әңгімелерінен тұрмыстағы сәтсіздіктерге қарамастан мақсатқа жетудің жарқын жолдарын көруге болады. Олар есейген, тәжірибелі, табысты және рухани бай адамның тәжірибесі мен қоғамнан өз орнын табуға, туыстары мен жақындары ғана емес, сондай-ақ Отаны да мақтана алатын тұлға болуға ұмтылған адамдарды салыстыра қарауға мүмкіндік береді. Себебі «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру дәл осындай қоғамның санасын жаңғыртуға бағытталған.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus