Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі»
27.02.2019

26 ақпанда Әмбебап оқу залы Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі» танымдылық сағатын өткізді. Алғыс айту күні – өз отбасы мен елдің тарихын еске алу күні, қазақстандықтардың ынтымақтастығының белгісі, қонақжайлықтың көрсеткіші, мейірімділік пен достықтың мерекесі.

Шараның қонағы болған «Эрибуни» Қостанай облыстық армян қауымы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы ассамблеясының Қостанай облысы бойынша индустриялық-инновациялық жобаларды үйлестіру кеңесінің төрағасы Сергей Вагинакович Григорян, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Абилов Рагим, республикалық «Корё ильбо» корей газетінің меншікті тілшісі, ҚР Журналистер одағының мүшесі, жазушы, ақын Федор Микович Мин  мерекенің рухани үндестіктің, мейірімділіктің, өзара сыр бөлісудің, сондай-ақ бір-біріне көмек көрсету күніне айналғанын атап өтісті.

Медициналық колледждің студенттері, ҚР ҰҚК шекара қызметінің «Солтүстік» РММ әскери қызметкерлері және шараның қонақтары Алғыс айту күніне арналған бейнероликтерді қызыға тамашалады, «Болашақ үшін есте сақтау» кітап көрмесімен танысты.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus