Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Біздің заманымыздың портреті
25.02.2019

22 ақпанда Николаос Иванович Мармалидидің жетекшілік етуімен «MEDIAMASTER» фотожурналистика клубы көрермендер назарына «Біздің заманымыздың портреті» фотокөрмесін ұсынды.

«Барлық портрет өмірдің түрлі саласына арналған, олардың кейбіреуінен қандай да бір эмоцияны, қуанышты, өкінішті, таңданысты көруге болады. Себебі жұмыстың өзі келушілердің қандай да бір сезімін және пікірін тудыруға бағытталған»,- дейді Николаос Мармалиди.

Клуб жаңаша ойлауға ұмтылатын, экспозиция теориясының негізін игергісі келетін, теорияны практикада қолдануға, жаңа достар табуға, ұйымдастырушы, редактор және пабликтер мен әлеуметтік желілердегі беттердің әкімшісі болуға ұмтылатын жастарды біріктірген.

Клубтың жаттықтырушысы болып «Наш Костанай» газетінің журналисі С. Кушекбаева, журналистика мен блогерліктің құқықтық саласы бойынша жаттықтырушы, заңгер В. Алексанин табылады.

Жоба АҚШ елшілігінің гранты аясында жүзеге асырылды.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus