Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Кітап сыйлау күні
14.02.2019

14 ақпанда көптеген елдерде ғашықтар күні аталып өтіледі, ал осы күні кітапқұмарлар Халықаралық кітап сыйлау күнін мерекелейтінін көп адамдар біле бермейді. Осы бір тамаша мереке қарсаңында Л. Н. Толстой ат. облыстық кітапханаға И. А. Крыловтың 1835 жылы жарық көрген раритетті бірегей басылымының сыйға тартылғаны ерекше оқиға болды.«Қостанай баспа үйінің» құрылтайшысы Анатолий Владимирұлы Тарасенкобұл кітапты Мәскеудің Арбатынан сатып алған болатын, алайда мұндай сирек басылымның облыстық кітапхананың сирек кітаптар қорында сақталғанын дұрыс көрді. Л. Н. Толстой ат. Қостанай ОӘҒК Анатолий Владимирұлы намұндай баға жетпес сыйлығы үшін зор алғыс білдіреді.

Мұнымен тамаша оқиғалар аяқталған жоқ. Қостанайлық ақын және аудармашы Әбдірахман Серғалиұлы Досов кітапхана қорына өзінің жаңа екі томдығының 60 данасын сыйға тартты. Бұл таңдаулы қазақ көркем әдебиеті мен көсемсөзінің орыс тіліне аудармасы. Басылымға Нұржан Наушабаевтың, Мұқағали Мақатаевтың, Қадыр Мырзалиевтың, Фариза Оңғарсынованың және тағы басқалардың өлеңдері, сондай-ақ Ақылбек Шаяхметтің пьесалары, Серікбай Оспановтың көсемсөзі, Әбутәліп Әмірдің әңгімелері енген. Біз бұл тамаша кітаптардың өз оқырманын табатынына және сұранысқа ие болатынына сенеміз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus