Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ауған соғысының қасіреті»
13.02.2019

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК 2019 жылдың 12 ақпаны күні Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына арналған «Ауған соғысының қасіреті» аты қостанайлық ауған соғысының ардагерлерімен кездесу болды.

Шараның қонағы болғандар: Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлері одағының төрағасы Жұбанышев Мұратбек Ермекұлы, отставкадағы подполковник Харченко Анатолий Николаевич және Ауған соғысының басқа да ардагерлері Өтина Ботагөз Рақымжанқызы, Ерғалиев Әнуарбек Темірбекұлы, Жұмабаев Амангелді Қабиұлы және Ержанова Сәуле Ақжігітқызы. Қонақтар жалынға оранған жастық жылдарын еске алысып, қарулы қақтығыстың зардаптары жайында және бейбіт күндердегі қызметтері туралы айтып берді.

Тыңдаушылар аудиториясы ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев ат. Қостанай академиясының курстанттары мен А. Байтұрсынов ат. ҚМУ Әскери кафедрасының және Қазақ тұтыну одағы Қостанай жоғары экономикалық колледжінің студенттерінен тұрды. Біреулерге әскери іс-қимылдар қызық болса, екіншілерін жерлестерінің ерлік істері қызықтырды.

Кешке арнайы безендірілген «Ауғанстан – жазылмайтын жара» кітап көрмесінен қонақтар ауған соғысының тарихымен, ардагерлердің естеліктерімен, сол кездегі деректі айғақтармен, жарияланған мақалалармен және болған оқиға негізінде жазылған көркем шығармалармен танысты.

Кездесу ерлікке де, қасіретке де толы болған ауған соғысына қатысы барлардың барлығын еске алу түрінде ұйымдастырылды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus