Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Ауғанның отты жылдары (Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл) 18.01.2019 | Абонементтер бөлімінде Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған кітап көрмесі жұмыс істейді. Көрменің мақсаты – ауған соғысына қатысы барлардың барлығына құрмет көрсету, Қазақстан Республикасы азаматының отаншылдық санасын қалыптастыруға көмектесу. Оқырмандар назарына А. Ляховскийдің «Тайны афганской войны», А.Боровиктің «Афганистан: еще раз про войну»кітаптары ұсынылды. С.Алексиевичтің «Цинковые мальчики» жәнеГ.Мортенсонның «Школа на краю земли» басылымдары да тартымды және мәліметі мол дүниелер. Қазіргі кездегі соғыс тақырыбына жазылған үздік шығармалардың бірі деуге болатын Б. Смағұлдың «Тағдыр тозағы» - «Ад судьбы» кітабы да аса құнды дүние. А. Жантасовтың «Жартасты жастанған жасақ» - «Второй мусульманский»жұмысы көрменің көрнекті жеріне қойылған. Кітап аты аңызға айналған Қара майор – Борис Төкенұлы Керімбаев басқарған атақты жасақтың тарихы жайында баяндайды. Барлығыңызды жыл бойы жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|