Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Кітапханада «Білім орталығы» ашылды!
16.01.2019

Білім мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басымдылық берілген басты бағыттардың бірі болды. Осыған орай елде кітапханаларды заманауи орталықтар ретінде жаңғырту бойынша жобалар жүзеге асырылуда.

Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК «Білім орталығы» қаланың зиялы қауымының, жастарының, жасөспірімдерінің іскер және шығармашылық кездесуі үшін таптырмайтын орын болып табылады. Бұл жерде түрлі семинарлар, тренингтер, дәрістер, сұхбаттар, жеке сабақтар, логикалық дамуға арналған ойындарды және т.б. өткізу үшін қолайлы және жайлы жағдай жасалған. Кітапхананың кез келген оқырманы мен келушісі білім орталығының келушісі бола алады.

 «Білім орталығының» ашылу салтанатына Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Е.Б.Қалмақов, «Нұр Отан» партиясының ҚОФ төрағасының орынбасары А.Досмұхамедов, Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК директоры Д.Дүйсебаева, БАҚ өкілдері қатысты. Шара аясында осы кезде PDF нысандағы қазақ және орыс тілдеріндегі Қостанай облысының тарихи-өлкетану тақырыбына, мысалы, тарихына, экономикасына, мәдениетіне, білім және денсаулық саласына қатысты түрлі нысандағы құжаттардың 3 мыңнан астам көшірмелері жинақталған «Қостанай облысы: тарих, адамдар, оқиғалар» толық мәтінді өлкетану деректер базасының таныстырылымы өтті. Кітапханашылар білімнің барлық саласы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жаңадан түскен әдебиеттер қойылған «Bookdating» кітап көрмесіне шолу өткізді.

Шара ҚМПУ проректоры Г.А.Мұсабекованың, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы жетекшісінің орынбасары С.Н.Мұқашеваның және Жас педагогтардың облыстық кеңесінің төрағасы А.З.Жұмабековтың қатысуымен өткен «Jas Otan Talks» сұхбат алаңшасымен аяқталды. Талқылау үшін «Қазіргі кездегі қазақстандық қоғамдағы педагог мәртебесі» заң жобасы таңдалды, аталған құжаттың артықшылықтары қарастырылды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus