Әмбебап оқу залында белгілі жазушы, қоғам қайраткері,
Еуразия ұлттық университетінің профессоры Кемел Мырзагелдінің 70 жылдығына
арналған көрме жұмыс істей бастады.
Кемел Мырзагелді руханилық, білім, парасат пен
адамгершілік жайындағы танымдық-публицистикалық еңбектердің авторы болып
табылады, өз оқырмандары арасында «Абзалдық әліппесі», «Өзіме сабақ» секілді
кітаптарымен танымал. Сондай-ақ ол шетелдік авторлардың шығармаларын қазақ тіліне
аударды. Олардың ішінде Лев Толстой, Сенека, Пауло Коэльо, Луиза Хей, Лао-Цзы,
Конфуций және басқа авторлардың еңбектері бар. «Менің қазағым оқысын»,-дейді
автор.
Көрменің көрнекті жеріне «Ақыл қалта. Ой-қазына антологиясы», «Көңіл
күнделігі», «Өзіме сабақ», «Шәкәрімнің ар ілімі» және басқа шығармалар
қойылған.
Мерзімді басылымдар мен «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси
журналынан, «Айқап» қазақ қоғамдық-саяси және әдеби-сыни журналынан,
«Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам» журналынан алынған жазушының өмірі мен қызметі
жайындағы мақалалар да қызықты болып табылады.
Көрме 2019 жылдың 30 қаңтарына дейін жұмыс істейтін болады. |