Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
2018 ж. 29 қарашасында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК «Оқитын кітапханашы» облыстық кітапханалық кәсіби байқауының 2-туры өтті
30.11.2018

Байқау Қостанай облысының қалалық, аудандық және ауылдық кітапханаларының 40 жасқа дейінгі мамандарының арасында өткізілді.

Байқаудың финалдық бағдарламасы келесідей  тапсырмалардан тұрды:

«Кітапханашы бейнесі» – өзін-өзі таныстыру, қандай әдебиеттерді оқитыны туралы, өзінің әдеби әуестіктері туралы әңгімелеу. Кітап пен кітап оқуды насихаттауға бағытталған кәсіби жұмысы туралы айтып беру.

«Кітап сөресінің жанында…»– оқырманға кітапты ұсыну.

«Кейіпкер кейпіндегі кітапханашы» –кітапханашының әдеби кейіпкердің немесе шығарма авторының кейпіндегі шығармашылық көрсетілімі.

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК жыл сайын кітапханашылар арасында облыстық байқаулар өткізіп отырады.  Олар әріптестеріміздің кәсіби шеберліктерінің алуан қырлылығын ашуға ықпал етеді.

Өзінің қажеттілігін дәлелдеу үшін, өзіне жұрттың назарын аудару үшін кітапханада өмір қайнап жатуы: үнемі бірдеңе өзгеріп, бірдеңе ауысып, бірдеңе болып жатуы тиіс. Кітапхана оқырмандар сұраған кітаптың тізімін ұсынып қана отырмайды, оларды жұмыстың басқа да түрлерімен қызықтыруға, кітапхана өміріне тартуға күш салады. Олардың кітап оқуға деген талғамын қалыптастырады, шеберлік сыныптарын, билер, квестер, тренингтер өткізеді және мұндай шынайы атқарылатын жұмыстардың жеміссіз қалмайтыны анық.  Бұл орайда байқаулар оң нәтижеге қол жеткізуге ерекше ықпал етеді. Бүгінгі «Оқитын кітапханашы» байқауы да білімді, шебер, сүйкімді және талантты тұлғалардың – кітапханашылардың қандай адамдар екенін көрсетіп берді.

Гран-при Рудный ОКЖ мемлекеттік тілдегі кітапханасының кітапханашысы Төлегенова Нұрсәуле Темірханқызына бұйырды.

1-орынды Қарасу ОКЖ орталық кітапханасының абонементтер бөлімінің кітапханашысы Елена Сергеевна Самарских алды.

2-орынды Қостанай аудандық ОКЖ әдістемелік-библиографиялық бөлімінің библиографы Зеркалий Ульяна Викторовна алды.

3-орынды Қарабалық ОКЖ Белоглин ауылдық кітапханасының кітапханашысы Нұрғалиева Айнұр Әлібекқызы алды.

Жеңімпаздарды қол жеткізген жеңістерімен құттықтаймыз. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus