Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Кітапхана жүйесін басқару мәселелері
08.11.2018

2018 жылдың 7 қарашасында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК «Кітапхана жүйесін басқару мәселелері» басшылық мектебі болып өтті. Мектеп мәдениет қызметкерлерінің облыстық алқасының секциялық отырысы түрінде өтті.

Отырыс барысында «Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК» КММ директоры Д. Т. Дүйсебаеваның, «Ы. Алтынсакрин ат. ОБЖК» КММ директоры Н. М. Теплякованың және осы кітапхананың заңгері Г. А. Карасеваның «ОКЖ жұмысын ұйымдастыру» әдістемелік құралына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстары қаралды.

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК заңгері А. Д. Жарқынғұлова өз баяндамасында «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы азаматтық қызметкерлерді аттестациядан өткізудің ережелері мен талаптарына» және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу жүйесіне енгізілген өзгертулер туралы жан-жақты айтып беріп, жұмысшының жыл сайынғы еңбек демалысы кезіндегі уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы бойынша еңбекақы төлеудің ережесіне тоқталды, Ресей Федерациясы мен Белорус Республикасында алынған білім құжаттарының жарамдылығын ресімдеу мәселелері бойынша кеңес берді.

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК КДБ меңгерушісі Д. М. Шақарова өз баяндамасында 2019 ж. жұмысын жоспарлау және 2018 ж. есебін дайындау бойынша ұсынымдар берді.

К. Б. Бөрібаева, Л. А. Александренко, Г. Ж. Асанова 2018 ж. 13-14 қыркүйегінде Алматы қ. ҚР Ұлттық кітапханасында өткен Бүкілқазақстандық жиыннан алған әсерлері туралы айтып берісті.

Басшылық мектебі отырысының соңында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК толықтыру және әдебиеттерді өңдеу бөлімінің қызметкерлері облыстың әр ОКЖ-іне  К. Дөненбаеваның балалары шығарған және кітапханаға тарту еткен Социалистік Еңбек Ері, атақты тракторшы К. Дөненбаева жайындағы «Кәмшат» кітабын сыйға тартты.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus