Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Шәкәрім: ақын, ойшыл, тұлға
26.10.2018

Абонементтер бөлімі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазақ ақыны, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ Шәкәрім Құдайбердиевтің 160 жылдығына арналған әдеби кеш өткізді.

Ақынның шығармашылық мұрасы өте кең және кез келген жастағы ойлана білетін адам үшін көкейтесті болып табылады. Ол – «Қалқаман - Мамыр», «Еңлік - Кебек» секілді атақты поэмалардың, көптеген өлеңдердің, әңгімелер мен эсселердің авторы. Республикалық «Бір ел – бір кітап. Одна страна - одна книга» акциясы аясында оның «Шығармалары» / «Сочинения» кітабының 2018 жылдың басты кітабы болып танылғанын да айта кеткен жөн.

Шараға филология ғылымдарының кандидаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, филология факультетінің деканы К. Қ. Есіркепова, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қостанай әлеуметтік білім колледжінің директоры М. Т. Қадыралиева, филология ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынов ат. Қостанай мемлекеттік университетінің оқытушысы Д. А. Качеев, Жайлаубай ата ат. қалалық мешіттің наиб имамы Бисен Сарынжапұлы қатысты.

Кештің басты қонақтары тыңдаушыларды ақынның поэтикалық, философиялық және аудармашылық шығармашылығымен таныстырды. Әдеби кеште Шәкәрімнің өлеңдері мен аудармалары, сондай-ақ жас таланттардың ақынға арнаған өлеңдері оқылды. Шара соңында кешті ұйымдастырушылар жиналғандарды абыздың кеңестеріне құлақ қоюға, күнделікті тіршілік пен шаруаның арасында уақыт тауып Шәкәрімнің шығармаларын оқып көруге, оның философиялық шығармаларының мәніне бойлап көруге шақырды.

Оқырмандар назарына Шәкәрім Құдайбердиевтің шығармалары және оның өмірі мен шығармашылығы жайындағы әдебиеттер қойылған кітап көрмесі ұсынылды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus