Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Алтайдың асыл жыршысы
21.09.2018

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК-ның қонақжайында 20 қыркүйек күні «Алтайдың асыл жыршысы» атты танымал жазушы, журналист Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына арналған прозалық кеш болып өтті.

Атаулы кеш барысында ҚР Жазушылар Одағының мүшелері Нағашыбай Мұқатов және Ақылбек Шаяхмет сынды ақын-жазушылар Оралхан жайлы естеліктерімен бөлісіп, шығармашылығының қаншалықты жоғары деңгейде екендігін алға тартты және жастарға әдебиет әлеміне жақын болуды үндеді.

Шара барысында «Ақ қауырсын» ақындар клубының жастары жазушыға арнап және шығармашылығына арнау өлеңдерін оқыды. Өз кезегінде, кітапханамыздың қызметкері Анар Базарбай жазушының шоқтығы биік прозалық туындысы «Апамның астауы» әңгімесінен үзінді оқыды. Кеш соңына қарай жазушының «Күлпәштің ұршығы» атты повесі бойынша театрландырылған қойылымы сахналанды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus