Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қостанай жерінің тумасы Ерсайын Нарымбаевтың шығармашылық кеші
06.09.2018

5 қыркүйек  күні Қостанай мемлекеттiк педагогикалық университетінің конференция залында Қостанай облысының тумасы, композитор  Ерсайын Нарымбаевтың «Аялдасаңшы, жастық шақ» атты шығармашылық кеші болып өтті.  Шараның өтуіне Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК өнер туралы әдебиеттер бөлімі мұрындық болды.

Ерсайын Нарымбаевтың шығармашылығы барша Қазақстанға танымал. Ол «Жырласам ба екен...» әндер жинағына енген 150-ден астам әннің авторы болып табылады. Олардың ішінде «Сырласқан қыздар қайда екен?», «Ерте солған гүлдер», «Бұрым туралы баллада» және т.б. әндер бер. Ақын М.Мақатаевтің сөзіне «Алдыңнан терезеңнің жүріп өттім»,  «Бір-ақ күн еді», «Жанарсыз адам келеді» әндерін жазды.

Кездесуге Өнер кафедрасының оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ Ақылбек Шаяхметов, Ботагөз Дүбірбаева секілді қаланың танымал тұлғалары қатысты. Сазгер  өз әндерінің шығу тарихы жайында және музыкаға деген сүйіспеншілік туралы айтып берді.  Кездесу барысында өзінің «Бір – ақ күн еді»,  «Қарындасым» және т.б әндерін орындап берді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus