Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Кітапхана – кәсіби өсу кеңістігі
15.08.2018

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қостанай облысындағы білім беру жүйесін дамыту мүмкіндіктері» педагогикалық конференциясы аясында ұйымдастырылған «Кітапхана оқушылардың рухани дамуына қажетті туған өңірдің тарихын сақтау және зерттеу орталығы» флеш-семинары болып өтті.

Секция мектеп кітапханашыларының ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстарына арналды. Секцияның жұмысын Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК директоры Дүйсебаева Дариға Төребайқызы жүргізді.  

Мектеп кітапханашыларына Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК қызметкерлерінің өлкетану жұмыстары үшін жасаған «Қостанай облысы: тарих, адамдар, оқиғалар» толық мәтінді деректер базасы, «Облыс кітапханалары – өңір тарихының тамыршысы» облыстық және қалалық газеттерді цифрлық нұсқаға түсіру жобасы, «Қостанай облысының киелі жерлері мен нысандары» библио-картасы секілді жаңа ресурстар ұсынылды.

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша ПҚБАИ филиалының кітапхана ісі бөлімінің басшысы Федас Любовь Анатольевна жиналғандарға өлкетанушылық интерактивті жүйелік жобаны көрсетті.  

Секцияны өткізу мектеп кітапханашыларына тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.  Қостанай қ. № 10 ОМ кітапхана меңгерушісі Сәдуақасова Ләззат Тұрсынқызы әріптестерін өз жұмысында, көпшілік шараларды өткізуден бастап кітапхананың ішін безендіруге дейін қолданатын заманауи әдістермен таныстырды.

Қостанай қ. № 8 ОМ кітапхана меңгерушісі Русалева Ирина Александровна мектеп кітапханасында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басты бағыттарды жүзеге асыру жолында қандай жұмыстар атқарылып жатқаны жайында айтып берді. 

Секцияның жұмысы кітапхананың қорларынан алынған кәсіби әдебиеттер, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында цифрландыру, өлкетану, жаңа сапалы білім беру бойынша шыққан жарияланымдар қойылған кітап көрмесімен сүйемелденді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus