Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Цифрлық Қазақстан
11.07.2018

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы болашақта цифрлық экономиканы қалыптастыруды қамтамсыз ететін Қазақстанның экономикасын дамудың мүлдем жаңа жолына түсіру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген. Аталған бағдарламаны жүзеге асыруға белсене кіріскен Л. Н. Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Әмбебап оқу залында «Цифрлық Қазақстан» көрме-қарауын безендірді.

Көрмеге Қазақстан экономикасының дәстүрлі салаларын қайта құру жайында, мемлекеттің азаматтар мен бизнеске көрсететін қызметі мен олардың өзара қарым-қатынасы туралы мерзімді басылымда жарияланған материалдар қойылған.

Сондай-ақ көрмеден технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамытуға жағдай жасау жайындағы және бизнеспен, ғылым саласымен және мемлекетпен тұрақты байланысы бар инновация туралы ақпаратпен танысуға болады.

Құрметті оқырмандар, біздің көрмемізді тамашалауға шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus