|
Құрметті оқырмандар!
Біздің еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауында Қазақстанның әлемнің алдынғы қатарлы елу елдің санына кіруін стратегиялық мақсат етіп қойды. Жаңа үлгідегі кітапханаларды дамытпай, оларды жоғары ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етпей бұл мақсаттын орындалуы мүмкін емес. Сондықтан біздің іскерлігіміздің басты бағыты кітапханаларды жаңғырту және оны көп мақсатты ақпараттық орталыққа айналдыру.
1936 жылы біздің кітапхана облыстық мәртебесін алды.
1949 жылдан бастап Л.Н.Толстой есімі берілді. Кішігірім қалалық кітапханадан Қостанай облысының басты кітапханасына айналды. Кітапхана қорында барлық білім саласы бойынша жарты милионнан артық басылымдар сақталады.
Бүгін жаңа компьютерлік технологиялар қарқынды енгізілуде, интернет жүйесі арқылы әлемдік ақпараттық кеңістікке шығу қамтамасыз етілген.
Кітапхана өз міндетін оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсетудің сапа мен дамудың жоғарғы нәтижесінде көреді, облыс кітапханаларының әлемдік ақпараттық инфрақұрылымына қосылуы, елдің мәдени мұрасын арттыруға және сақтауға, және өз пайдаланушыларын әлемдік мәдени потенциалға қатыстыру.
Біз серіктестікке және ынтымақтастыққа, достар мен одақтастар шеңберінің кеңейуіне үміттенеміз.
Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапхананың директоры
Г.Ғ.Казина
|
|
|
Күләш Байсейітованың 100 жылдығына арналады |
|
17.05.2012 |
|
2012 жылдың 16 мамыры күні Л.Толстой ат. ОӘҒК өнер бөлімі кітапхананың жиналыс залында «Жүрекке жақын жүздер» жобасы бойынша атақты әншіге арналған «Күләштің тағдыры» атты кезекті бейнекездесу өткізді. Кездесу халық қалаулысы, Қазақстанның ең атақты әншісі Күләш Байсейітованың бұрын жарияланбай келген өмірінің кейбір сәттеріне арналды.
|
|
Подробнее...
|
|
«Жасампаз ерлікке құрмет пен абырой» еске алу кеші |
|
07.05.2012 |
|
Л.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Кеңестер Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының ардагері Сейітхан Нұрмұханбетұлы Темірбаевтің 90 жылдығына арналған «Жасампаз ерлікке құрмет пен абырой» атты еске алу кеші болып өтті.
Шара Ұлы Отан соғысының 67 жылдығын атап өту, елімізге бейбіт өмір сыйлаған батырларымыздың есімдер еске алу, ардагерлеріміздің ерлігін, қаһармандығын, табандылығын көрсету, соғыста құрбан болған барлық жауынгерлерге құрмет көрсету мақсатында өткізілді.
|
|
Подробнее...
|
|
03.05.2012 |
|
03 мамыр күні сағат 15.00 кітапхананың қонақжайында қазақстандық белгілі ақын Ханбибі Есенқарақызымен кездесу болып өтті.
Ханбибі Есенқарақызы – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Парасат» орденімен марапатталған. «Алаш» сыйлығының және көптеген республикалық әдеби сыйлықтардың лауреаты. ОҚО Сарыағаш ауданының құрметті азаматы. Қазір Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры.
|
|
Подробнее...
|
|
28.04.2012 |
|
2012 жылдың Кітап апталығы «Қазіргі кездегі кітапхана жұмыстарындағы инновациялар және авторлық құқықты қорғау мәселелері» тақырыбымен өткен пікірталаспен аяқталды.
|
|
Подробнее...
|
|
Аға буын өкілдеріне арналған «Второе дыхание» жобасы |
|
28.04.2012 |
|
«Америка бұрышы» АРО мен Қостанай қ. «Помощь» ҚҚ серіктестігі аясында «Второе дыхание» жобасы тұрақты жұмыс істеп келеді. АБ волонтерлері аға буын өкілдерін заманауи коммуникативтік және ақпараттық технологияларға үйретуде. Компьютерлік сауаттылықты арттыру клубы көпшілікке танымал болып үлгерді, себебі мұнда әр адаммен жеке жұмыс жүргізу жолға қойылған. Клубтың белсенділері Анастасия Зуева мен Евгений Чичев келушілерге қазіргі замнғы техниканы пайдаланудың жолдарын шыдамдылықпен үйретіп қана қоймай, оқушыларының Интернетке шығып, электронды поштаны пайдалануларын, құжаттарды көшіре білулерін де назардан тыс қалдырған емес.
|
|
Подробнее...
|
|
|
|
|
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>
|
|
Страница 1 из 42 |